Қызылордада жаңа көпірлер салынады (видео)

Қызылордада жаңа көпірлер салынады (видео)Қызылорда облысында дарияның сол жағалауындағы бірнеше ауыл тұрғындары үшін орталыққа қатынау қиындай түсуде. Өйткені Қазалы және Қармақшы аудандарына қарасты елді мекендерде дария өткелдерінің салынуы түйінді мәселеге айналды. Жол инфрақұрылымының жоқтығы жұртшылықтың ауыл шаруашылығымен айналысуына қолбайлау болып отыр.  
Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылы тұрғындарының күнделікті күйбең тіршілігі дарияның сол жағалауымен байланысты. Олар Сырдария өзенінің арғы бетіндегі көрші елді мекеннен қажетті көкөніс өнімдерін әкеледі. Ал қорасында 2-3 бас ірі қара және ұсақ малын бағатын тұрғындар үшін жағдай тіпті қиын. Елді мекен аумағында жайылымдық немесе жем-шөп оратын жер жоқ. «Жаңа көпір салынып, дарияның сол жағалауы игерілсе, шаруамыз арғы бетте жайлана түсер еді», - дейді олар.
 Жақсылық Қыпшақбайұлы, Ақай ауылының тұрғыны
-Арғы бетке барып, шөбін шабады. Отынын әкеледі. Сол сияқты ертең шаруашылықтардың егін пісіп, жеміс-жидек піскен кезде арзан бағамен ауылға келіп сатады. 50-60 км осы жерден. Ал егер сыртпен айналып барса, 250-300 км жер.
Жарты ғасырдан бері жұртшылыққа арман болған көпір құрылысы биыл басталады деп күтілуде. Бүгінде жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды. Құрылысқа 3 миллирд 300 миллион теңге жұмсалады. Бұл қаржыға ұзындығы 300 жүз метрлік, екі жолақты көпір салынады. Өткелдің пайда болуымен шаруашылықтың алуан түріне жол ашылады.
Ерлан Бәлібаев, Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
-Көпір құрылысы жүзеге асырылғаннан кейін, ауыл шаруашылығымен, оның мал шаруашылығымен айналысу үшін себебі болады. Бұған дейін ақайлықтар да Төретам халқы да дарияның сол жақ жағалауына Байқоңыр қаласындағы пантонный көпірмен келетін. Оның өзінде қиыншылықтар туды. Тәуелділік болатын. Енді бұл мәселе шешілетін болады.
Қажетті қаржы бөлініп, жоба жүзеге асса, аймақтың инфрақұрылымдық әлеуеті жақсарады. Еларалық қашықтық бірнеше есеге қысқарып, арадағы алыс-беріс көлемі артады. Жоба бойынша көпір 2 жылдан кейін пайдалануға берілу керек. Сондай-ақ биыл Қазалы ауданының Әлсейіт елді мекенінде де заманауи өткелдің құрылысы басталмақ.

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2015 г. 779 0