Жыл басталмай жатып жалған ақша жасаудың екі фактісі тіркелді

Жыл басталмай жатып жалған ақша жасаудың екі фактісі тіркелдіҚызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің ұйымдастыруымен «Жалған ақша жасау», оған қарсы іс-әрекеттер мен проблемалар, жоюға ұсыныстар» тақырыбында облыстық прокуратурамен, ҚР Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банк өкілдерінің, кәсіпкерлердің қатысуымен бірлескен дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Экономикалық қылмыстың жалпы үлесінде жалған ақша жасау фактісі 15 пайызды құрайды. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғани Сейітжанұлы өз сөзінде Экономикалық тергеу қызметі жалған ақша жасау купюроларының заңсыз жасау және сақтау, өткізу фактілеріне қарсы іс-әрекет бойынша Қызылорда облысында орын алып жатқан жағдайды хабарлады.

Аталған қылмысты уақытылы ашу және кінәлілерді жазалау мәселесі бүгінде өзекті болып отыр. Өткен жылы жалған ақша жасау фактісі бойынша 10 қылмыстық іс тіркелсе, биылғы жылдың қаңтар айының өзінде жалған ақша табылған екі факті бар.

Қылмыстың аталған санатын анықтау көбіне кәсіпкерлер мен банк қызметкерлерінің жалған купюраның табылғандығы туралы уақытылы хабарлануына, жалған ақша қаражатын өткізген әрбір жер бойынша құқық қорғау органдарының тез арада әрекет етуіне байланысты.

Дөңгелек үстел барысында шараны ұйымдастырушылар жалған ақша жасаушылық сынды теріс қылықтарды түбірімен жоюда барлық күшті біріктіру қажеттілігін айтып, кәсіпкерлер мен банк қызметкерлерін сауда кассалық есептеу жүргізу кезінде қолма-қол ақша қаражатын мейлінше азайту, ғаламтор ресурстарын пайдалануға шақырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қаңтар 2015 г. 689 0