Облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда қалалық ІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан.
Жедел басқару орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2014 жылдың 12 айында облыс орталығында орналасқан бейнекамералардың көмегімен барлығы 158 қылмыстың беті ашылса, есепті мерзімде анықталған құқық бұзушылықтың саны 44 005-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар қарастырылған. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Нақтыласақ, жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша - 33138, қоғамдық орында мас күйінде жүру дерегі бойынша - 5503, ұсақ бұзақылықтар - 3081, басқа да құқық бұзушылықтар бойынша дерегі - 2283 құқық бұзушылық анықталған.
Құқықтық сана-сезімді қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен атқарылатын қарқынды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.