20 мың теңге үшін 3 жылға сотталды

Қызылорда облысы Арал аудандық сотында ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен айыпталған тұрғынның қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлады аталған сотты баспасөз қызметінен.

Қылмыстық істің мәні бойынша, сотталушы 2014 жылдың желтоқсан айының 9 күні Арал қаласының оңтүстік бетіндегі №1 Арал сервистік балық дайындау зауытының артында «Мазда-626» маркалы автокөлігінің артқы орындығында отырған жәбірленушінің мас күйін пайдаланып, оның екі қолын қайырып, қалтасындағы 20 000 теңге ақшасын тартып алған.

Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178-бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2015 г. 757 0