Куәгерлер оның көлігі дариядан өтпек болғанда, мұз жарылып, ойыққа түсіп кеткендігін айтқан.
Бірақ құтқарушылардың төрт күннен бергі жұмыстары нәтиже бермей тұр. Қыстың күні мұз ойып, астын сүзіп жатқан мамандар іздестіру жұмысының қиынға соғып жатқандығын айтуда.
"Көлік те, адам да әлі табылған жоқ. Оның бір себебі мұздың қалыңдығына байланысты. Қазіргі уақытта мұздың астынан ештеңе көрінбеуіне және осы сүңгуіршілер судың астында қанша жұмыс жасағанымен нәтижесіз болып отыр", - деді , облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Айта кетейік, 1979 жылы туған мемлекеттік қызметкер жеке "Тойота" автокөлігімен жоғалып кетіп отыр. Ал оның қасында қанша жолаушы болғаны әзірге белгісіз.
7 канал