Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Қосым Дүйсенәліұлы Аңсатбаев қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қосым Дүйсенәліұлы 1981 жылдың 2 қаңтарында Түркіменстан Республикасында дүниеге келген. 1998-2002 жылдары Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» және 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Құрылысшы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда Қазақ гуманитарлық-заң университетінде оқытушы қызметінен бастаған. 2004-2005 жылдары Қызылорда облысының сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2005-2006 жылдары Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің бас маманы, бөлім басшысы;
2006-2011 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары;
2011 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, департамент басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.