Алаяқтықпен айналысқан қала тұрғыны ұсталды

Қала тұрғыны халықты жұмысқа тұрғызып беремін деп 70000 теңгеге өзінің қызметін ұсынған. Жәбірленуші әрекетінің заңды екеніне сенімді болып және оның қылмыстық пиғылынан сезіктенбей оған қолма-қол 70000 теңге берген, ал ол қаржысын өз бас пайдасына жаратқан.
Бүгінгі күні жұмысқа тұрғызып беру туралы алаяқтық қылмыстары кеңінен таралған. Осындай әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 177 бабында қарастырылған.
Сотта сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласқанын, келген залалдың орнын толтырғанын айтты.
Сот істі және іс бойынша барлық мән-жайларды қарап, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі қысқарту жөнінде қаулы қабылдады.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2015 г. 762 0