Адасып кеткен балықшылар табылды

Адасып кеткен балықшылар табылдыТұманды күні Сырдария ауданына қарасты Амангелді елді мекенінде Қараой каналына балық аулауға шыққан екі адам адасып кеткен. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.


«ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары Амангелді елді мекенінен шамамен 20 км қашықтықта адасып кеткен 2 адамды іздеп тапты. Олар Қызылорда қаласының жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда 1985 жылы туған Ж.Қибасов пен 1974 жылы туған Р. Абаевтың денсаулығы жақсы. Оқиға орнына 3 адам 1 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қаңтар 2015 г. 752 0