Қазақстандық химик ғалым Ерлан Досжанов «Еуразияның үздік жас ғалымы» сайысында жеңімпаз болды. Конкурсқа ТМД елдерінен келген жүзден астам ғалым қатысты. Жерлесіміздің жұмысы «Адам экологиясы» номинациясында үздік деп танылды.
Ерлан Досжанов - PHD докторы, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері. Ғалым жерді мұнай ластануынан тазартудың әдісін ойлап тапқан. Досжанов ол үшін микроағзаларды қолдануды ұсынды.
«Бұл әдіс арқылы топырақты 73-90 пайызға дейін тазартуға болады. Көмірсутектер тотығып, соңында су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады, - деп түсіндірді Е. Досжанов.
Айта кетелік, Ерлан Досжанов топырақтың ластануының себебін биохимиялық әдіспен табу жобасының авторы, деп жазады massaget.kz.