Қызылорда облысында әр салада қажырлы қызмет атқарып жүрген үздіктер анықталды. Марапатты аймақ басшысы Қ.Көшербаев табыстады.
Жыл сақшысы номинациясымен Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің
әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция
капитаны Нұрлан Сенбеков марапатталды.
Полиция капитаны Нұрлан Орынбасарұлы ішкі істер органдарының оң
имиджін қалыптастыруда өз үлесін қосып келеді. Мәселен, жыл басынан
бері 4 қылмыс тіркеп, оның 3-ін өзі ашып, 17 әкімшілік құқық бұзушылық
анықтаған.