Қызылорда облысында әр салада қажырлы қызмет атқарып жүрген үздіктер анықталды. Марапатты аймақ басшысы Қ.Көшербаев табыстады.
Үздік журналист номинациясымен облыстық «Сыр бойы» газетінің
әлеумет және саясат бөлімінің меңгерушісі Дәуіржан Елубаев
марапатталды.
Дәуіржан Айболатұлы ҚР Журналистер одағының мүшесі. 17 жылдан
астам аймақтың бас бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшы-тілші
қызметтерін атқарған. 2011 жылдан "Сыр бойы" газетінің, 2012 жылдың
мамыр айынан бастап ҚР Президентінің Қызылорда облысындағы арнаулы
тілшісі, Қазіргі таңда әлеумет және саясат бөлімінің меңгерушісі. 2012
жылы журналистер мерекесі күніне орай ұйымдастырылған фестивальде "Ең
үздік сарапшы" аталымы бойынша облыстың үздік журналисі атанды.