Сыр өңірінің бас шыршасы қалпына келтірілді

Сыр өңірінің бас шыршасы қалпына келтірілдіОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Сағынбек Өмірзақовтың ресми хабарлауынша, 2014 жылдың 28 желтоқсанында 05 сағат 45 минут шамасында Қызылорда қаласы Орталық алаңдағы шыршаны от шарпыған. Өрттің көлемі 6 шаршы метр болған. Өрт дер кезінде 2 минут көлемінде сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен 8 адам мен 2 техника қатыстырылған. Шырша қайтадан қалпына келтірілді. Өрттің шығу себебі: ауа райының қолайсыздығы мен ылғалдылығына сәйкес электрдің қысқаша тұйықталуынан болған.

Сырдың бас шыршасы Жаңа жыл қарсаңында қызылордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 желтоксан 2014 г. 694 0