Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Қызылорда қаласында 50 пәтерлі көпқабатты және Жалағаш ауданында 2 пәтерлі 6 үй пайдалануға берілді. Қоныс иелерінің қуанышымен облыс әкімі Қ.Көшербаев бөлісті.
Биыл жалпы облыс бойынша тұрғын үй құрылысына мемлекет қаржысы есебінен 7 млрд. 981 млн. теңге бөлініп, 303 отбасы баспаналы болды.
Қазіргі таңда «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасына сәйкес 24 тұрғын үйдің (1096 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 10 көпқабатты тұрғын үй (466 пәтер), Қызылжарма ауылында салынған екі пәтерлік 7 үй (14 пәтер) жалпы саны 17 үй (480 пәтер) пайдалануға тапсырылғалы тұр. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйдің мәселесін шешу бағытында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті.
Мұнан бөлек, Қалада «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп 230 пәтерді құрайтын 4 үй, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде баспанаға мұқтаж жандарға үлкен қолдау болатыны анық.
- Міне, сол басталған жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған жалпы аумағы 3,111 мың шаршы метр құрайтын, 50 пәтерлік тұрғын үй елімізде мемлекет тарапынан тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жасалып жатқан қолдаудың нақты көрінісі деп білемін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Баспанамен қамту мәселесі Жалағаш ауданында да жоғары деңгейде жүргізілуде. Биылғы жылға жоспарлан 770,7 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа жыл қарсаңында баспаналы болғандардың дені ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, әлеуметтік тұрмысы төмен жандар