«Нұр» деген сөзді менің атыма жабыстыратын ештеңесі жоқ. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Индустрияландыру күні аясындағы жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жақында мен «Бір нәрсе болса алдына, анаған да, мынаған да Нұр деген сөзді қосып қояды. Осыны неге тоқтатпайсыз? Мұның барлығы күлкі ұсынысқа апара жатыр», - деген бір хат алдым. Мен алдына нұр қой деп ешкімге айтқан жоқпын. Нұр деген сөзді менің атыма жабыстыратын да ештеңесі жоқ. Нұр деген - жарық, нұр деген - сәуле. Солай емес пе? Ал «Нұрлы жол» дегеннің мағынасы жолымыз сәулетті болсын, алдымыз ашық болсын, жолымыз ақ болсын, деген жақсы игі тілектерден шыққан сөз деп санаймын», - деді ҚР Президенті.