Шырша шамы жағылды

Шырша шамы жағылдыБүгін Қызылордада облыстың бас шыршасының шамы шағылды. Шырша шамын мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қазақстан чемпионы Элизабет Тұрсынбаева жақты. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

- 2014 жыл да еліміз үшін берекелі де табысты жыл болды. Соның ішінде, бабаларымыздың байырғы қонысы – Сыр жұртшылығы үшін де жылқы жылы бергені мол берекелі кезең болды. Сыр өңірі инвестиция тарту, құрылыс, салық, бюджетті нақтылау бойынша республикамыздағы алдыңғы қатардағы аймақтардың қатарынан көрінді. Тәуелсіздіктің әр жылының өз жетістігі, өз ерекшелігі бар. Келе жатқан Қой жылы халқымыз үшін жаман жыл саналмаған. Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Салтанатты шара барысында театрландырылған қойылымдар қойылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. Жалпы орталық алаңға жиналған жұртшылық бір-бірін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2014 г. 908 0