Жаңақорғанда жаңа балабақша ашылды

Жаңақорғанда жаңа балабақша ашылдыЖаңақорған ауданына қарасты Жаңарық ауылдық округінде 50 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

– Болашағымыз саналатын бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Бүгінде облысымызда «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3-6 жастың арасындағы балалардың 90 пайызы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Келесі жылы бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткіземіз, - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Балабақшаға қабылдаудың тізімі қаралып, жүйелі тəртібі жасалды. Енді əр ата-ананың өз баласын мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруға мүмкіндігі бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2014 г. 1 123 0