Қызылорда облысында өнеркәсіп құлдыраған

Қызылорда облысында өнеркәсіп құлдыраған5 өңірде өнеркәсіптің құлдырағаны байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің 2014 жылғы 11 айдың қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті. 

«Өңірлер бөлінісінде 5 өңірде өнеркәсіптің құлдырауы байқалып отыр. Бұл Ақтөбе облысы – 4,7 %-ға, Астана қаласы – 3,7%-ға, Қызылорда облысы – 2,8%-ға, Павлодар облысы – 2,7%-ға және Атырау облысы – 1,1%-ға төмендеді», - деді М.Әбілқасымова.

Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, Павлодар, Жамбыл, ОҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі қысқарған.
«Ауыл шаруашылығының нақты көлемінің индексі өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы 11 айда 99,6%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің нақты көлемінің индексі 103,5%-ды құрады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің төмендеуі дәнді дақылдар өнімін жалпы жинаудың азаюына байланысты. Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 17 млн тонна жиналды, бұл 2013 жылға қарағанда 6,6%-ға төмен», - деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2014 г. 700 0