Бүгінгі күнге жоспарланған «Стрела» зымыран-тасығышымен «Кондор - Э» спутнигін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру резервтегі күн - 19 желтоқсанға ауыстырылды. Бұл туралы «Новости космонавтики» сайты хабарлады.
Оны ауыстырудың себебі айтылмаған, «мұндай шешімді мамандар қабылдады» деп қана хабарланған. Ұшыру Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін өткізіледі.
Белгілі болғандай, «Стрела» конверсиялық зымыран-тасығышымен «Кондор-Э» ғарыш аппаратын ұшыру ертеңге, 19 желтоқсанға, Астана уақытымен 10 сағат 43 минутқа белгіленді.