Кызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

Кызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтедіҮстіміздегі жылдың 20-21 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 6 команда, 60-қа жуық спортшы қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер көрсетеді.

Аталмыш чемпионатқа 10 жастан бастап 22 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Оның ішінде елімізге белгілі мәнерлеп сырғанаушылар, ұлттық құрама команданың мүшелері, екі мәрте Олимпада ойындарының қатысушысы Абзал Рақымғалиев (Алматы облысы) пен Бүкіләлемдік Гран-при додаларының күміс және қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің көпдүркін чемпионы Элизабет Тұрсынбаевалар (Қызылорда облысы) еліміздің намысын қорғайды. Жарыста ұлдар арасында 1,2,3 және қыздар арасында 1,2 орындарды иеленген спортшыларға ҚР спорт шебері атағы (халықаралық коньки тебу одағының талаптарын орындаған жағдайда) беріледі.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің грамота, медальдарымен марапатталады.
Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Юрий Гуськов. Сондай-ақ, жарыста ресейлік төреші Алексей Губанов төрешілік жасайды.
Жарыстың басталуы 20 желтоксан күні сағат 10.00-де, салтанатты ашылуы 12.00-де.
Барлыктарыңызды чемпионатты тамашалауға шақырамыз. Жас спортшыларға жанкүйер болыңыздар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 желтоксан 2014 г. 771 0