Тұғырлы Тәуелсіздік мерекесін Қызылорда облысының 42 жанұясы жаңа баспанада тойлауда. Қазалы ауданында 18 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Оған өткен жылы баспаналары қызыл жалынға оранып, үйсіз жүрген тұрғындар қоныстанды.
Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 206 миллион теңге жұмсалды. Мердігер мекеме өз қаражаты есебінен әр пәтерге теледидардың спутнигтік желісін орнатты. Мерейлі мерекеде қоныс той иелерінің ішінде жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, аз қамтылған отбасылар мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері де бар. Оларға мемлекеттік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында коттеджді қалашықтан бой көтерген 12 үйдің кілті табысталды.