Қызылорда қаласында ішімдік ішіп, мас болған ер адам 4-қабаттан құлап түсті.
Құтқару қызметіне түн ортасында қоңырау түскен. Оқиға Айтбаев көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына келген құтқару қызметкерлері ішіп алған ер адамның шылым шегу үшін терезе алдына шығып, сол уақытта тепе-теңдігін жоғалтып, төменге қарай құлап түскендігін анықтады. Абырой болғанда, ол бірінші қабаттағы жеке фирма құрылысының күнқағарының арқасында жеңіл құлаған. Ер адамның аяғы сынған. Алайда, оқиға бұдан да қайғылы болуы мүмкін дейді сала мамандары.