Облыстық Ішкі істер департаментіне 49 темір тұлпар берілді

Облыстық Ішкі істер департаментіне 49 темір тұлпар берілдіҚазіргі таңда облыстағы тыныштық пен тәртіпті сақтап отырған ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда  облыс  басшылығы жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетіп келеді. Бүгін орталық алаңда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, сап түзеген қызылордалық полицейлерге  49 дана «УАЗ» маркалы автокөліктердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Салтанатты шара барысында аймақ басшысы кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталатынын баса көрсетті. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің аянбай еңбек етіп жүргенін көрсетіп, бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
Биылдың өзінде ішкі істер департаментінің матералдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 99 дана автокөлік бөлініп отыр. Яғни, қазан айының 17 күні Тағзым алаңында облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 50 дана «УАЗ-31519» шассиіндегі арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана бейнетіркеуіштер сатып алынып, салтанатты түрде табысталса, бүгін қосымша тағы да 49 дана автокөлік бөлінді.
Автокөлік кілтін табыстау рәсімі одан әрі салтанатты шеруге ұласты. Ішкі істер органдарының жеке құрамының шеруін су жаңа қызметтік көліктердің шеруі жалғастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2014 г. 921 0