Мәскеу қаласында «Байкоңыр» кешеніне қатысты Қазақстан-Ресей
үкіметаралық комиссия отырысы өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары
Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Байқоңыр қаласында Қазақстан қаржыландыратын 6 білім ордасы бар.
Аталған мектептер 2015 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап қазақстандық
стандартта білім беретін болады. Екі ел Үкіметі 20-шы желтоқсанға дейін
қол қоюға қажетті құжаттың жобасын дайындауға келісті.
Сондай-ақ, жұлдызды қалашықтағы 100 келушіге арналған әйелдерге
кеңес беру орталығы бар 80 орындық перзентхана Ресей Үкіметіне жалға
беріледі. Бұл 2015 жылдың 1-ші ақпанында жүзеге асады. Бұған қатысты
құжаттарды 19-шы желтоқсанға дейін ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму
министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, РФ-ның
медициналық-биологиялық федералдық агентігі және Байқоңыр қаласының
әкімшілігі бірлесіп әзірлейді.