Қызылорда облысының басшылығы еңбегімен көзге түскен жас белсенділерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz. Студенттік жасақтардың белсенді сарбаздарына, сондай-ақ «Қайсар» футбол клубы жанкүйерлерінің жастар қозғалысына ерекше құрмет көрсетілді. Айта кетсек, бүгінде Қызылорда облысының 281 қыз-жігіті СҚЖ қатарында еңбек етеді. Олардың 28-і еңбекқорлығы мен ептілігінің арқасында құрылыс фирмаларына тұрақты жұмысқа орналасты.