Өзге ұлт өкілдері қазақша жыр оқып, ән шырқады

Өзге ұлт өкілдері қазақша жыр оқып, ән шырқадыЖаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Мен қазақ елінің азаматы ретінде айтарым бар» атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосу барысында №169 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Шин, пән мұғалімі С.Изатова еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті ағынан жарыла әңгімеге арқау етті. Шара қонақтары кезінде көрші мемлекеттерге көшуге ұсыныс айтылғанда саналы түрде бас тартқандықтарына бүгінде еш өкінбейтіндіктерін жеткізді.Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Әлшекей атындағы өнермектебінің «Көркемсөз оқу» үйірмесінің шәкірті Анастасия Болясникова М.Мақатаевтың өлеңдерінен тебірене жыр-шумақтарын орындады. Ал армян ұлтының өкілі Лаура Андриасян «Анашым» әнін нақышына келтіре әуелетіп, одан әрі өзінің дөңгелек үстел тақырыбы аясында ойын ортаға салды.

Өз кезегінде бөлім басшысы Ә.Төлегенов Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы басым бағыттарын айта келе, келесі жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын кең көлемде аталып өтілетіндігі жөнінде сөз етті.

Жиынды қорытындылаған модератор Облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының аудан бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперті Б.Өтебаев айрандай ұйып отырған ұлтаралық татулық мен достықты насихаттау біздің басты мақсатымыз деп түйіндеді.

Соңында ұйымдастырушы тарап қонақтарғаТәуелсіздік мерекесінің лебізі жазылған «Алғыс хаттар» табыстады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2014 г. 813 0