Қызылордада бейнекамералардың көмегімен 148 қылмыс ашылды

Қызылордада бейнекамералардың көмегімен 148 қылмыс ашылдыАғымдағы жылдың 11 айында облыс орталығында орналасқан бейнекамералардың көмегімен 148 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 216 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында орналасқан.

Нақтыласақ, жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша- 29362,қоғамдық орында мас күйінде жүру - 5016, ұсақ бұзақылықтар - 2801, басқа да құқық бұзушылықтар бойынша 2203 құқық бұзушылық анықталған.

Құқықтық сана-сезімді қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен атқарылатын қарқынды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 желтоксан 2014 г. 682 0