Кәсіпкерлер палатасының араласуымен 450 млн.теңге кәсіпкерлер пайдасына шешілді

Кәсіпкерлер палатасының араласуымен 450 млн.теңге кәсіпкерлер пайдасына шешілдіҚызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының араласуымен кәсіпкерлердің пайдасына 450 млн.теңге шешілді. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - палата) директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Дархан Мырзалиев баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Дархан Мырзалиевтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін палатаға кәсіпкерлерден 133 өтініш түсіп, оның 108-і немесе 81 пайызы оң шешімін тапса, қалғандарының мәселесі қаралу үстінде. Өтініштердің негізгі бөлігі жер, мемлекеттік сатып алу, рұқсат ету рәсімдері мен салыққа қатысты болған.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін палатаның қызметкерлері 21 сот процесіне қатысып, нәтижесінде кәсіпкерлердің 14 талап-арызы бойынша оң шешім қабылдаған. Соның нәтижесінде, кәсіпкерлердің пайдасына 450 млн.теңге шешілді.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура арасында әріптестік байланыс жөнінде меморандумға қол қойылған. Аталған меморандум аясында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне жедел әрекет ету мақсатында мобильді топ құрылған.

«Мобильдік топ Call-орталыққа кәсіпкерлерден түскен шағымдар бойынша 7 рет рейдке шығып, тиісті шаралар қабылдаса, жұмысшы топ жылдың І жартыжылдығында шағын және орта бизнесті тексеру жоспарларына қатысты 20 бақылау-қадағалау қызметімен айналысатын мемлекеттік органды тексерді. Нәтижесінде прокуратура жоспарлаған 30 тексерудің күші жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады», - деді Д. Мырзалиев. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2014 г. 878 0