ҰКП-ның жергілікті филиалы Қызылордада жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты шағын және орта бизнес саласын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды
BNews.kz тілшісі.
«Қазір біз мұнай шығару көлемінің және жаңа технологиялар енгізудің төмендеу кезеңін бақылаудамыз. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатысты жергілікті тауарлар үлесін арттыру экономиканы дамытудың бір басымдығы болып табылады, - деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов. – Бұның қаншалықты маңызды екенін көру үшін кейбір сандарды салыстырса жеткілікті. Мәселен, 2011-2013 жылдары облыстың жер қойнауын пайдаланушылары сатып алуларының көлемі 835,7 млрд теңгені құрады. Ал облыстың мемлекеттік сатып алулар көлемі осы кезеңде174 млрд теңгені құрады».