« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аудан әкімі Бахыт Жаханов аудандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобалардың бірқатар жұмыстарымен таныстырды.
Әйтеке би кентіндегі сатып алынған ветеринариялық және қолдан ұрықтандыру пунктерінің жұмыстарымен, «Өндірістік аймақта» орналасатын кәсіпкерлік жобалардың, «АрМ-Ком» ЖШС-нің «Элиталық монша қызметін көрсету орталығының», жеке кәсіпкер З.Қожағұлдың «25 орындық қоғамдық монша қызметін көрсету орталығының», жеке кәсіпкер К.Өтегенованың «Алтын Орда» қонақ үйі және фитнес орталығының, Ақтан батыр ауылындағы сатып алынған ветеринариялық пунктінің және ең ірі жоба «Сыр маржаны» ЖШС-нің «500 басқа арналған мал бордақылау кешені» жобасының жұмыстарымен танысты.
Аудан бойынша 20 округтен ветеринариялық пункттер ашу мақсатында облыстық бюджеттен 40,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша 4,1 млн. млн. теңге қаржы бөлінді. Осыған орай, елді мекендерден сатып алынатын ғимараттарға конкурстық құжаттары дайындалып, 15 елді мекеннен ветеринариялық пункттер сатып алынды. Әйтеке би кенті, Ғабдуллин көшесі №9 үй 4,7 млн. теңгеге сатып алынып, кент бойынша ветеринариялық пункт қызметін көрсетуде. Сонымен қатар, Ақтан батыр ауылы бойынша 1,7 млн.теңге қаржыға тұрғын үй сатып алынып, ветерианариялық пункт болып ашылды. «Асыл-Тұқым» ЖШС дистрибьютерлік орталығы мен (Жұқаш Толыбай) «Аудандық ветеринариялық стансасы» МКК-ның арасындағы келісімшартқа сәйкес аудан бойынша 10 елді мекеннен 642 бас мүйізді ірі қара қолдан ұрықтандырылды.
«Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша Әйтеке би кентінің солтүстік-батыс беткейінен 3 жер учаскесі белгіленді. Бірінші кезекте 12,7 га жердегі учаскені инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 159,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Кәсіпкерлер тарапынан жалпы құны 200 млн.теңгені құрайтын жаңа 11 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде, 6 жоба бойынша жер учаскелері алынды. Қазіргі таңда, 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Өндірістік аймақ» жобасы іске асырылғаннан кейін 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. «Энергомера» ЖШС (директоры Бекетай Мұқашов) жалпы құны 40,0 млн. теңге құрайтын жобаны жүзеге асыру мақсатында «Өндірістік аймақтың» №1 учаскесінен 1,0 гектар жер алып, қазіргі таңда жобаның бизнес жоспары дайындалуда. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжанов жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын шығару цехы» жобасын іске асырмақ. Осыған орай «Өндірістік аймақтың» №2 учаскесінен 1,0 гектар жер алынды, оған тиісті қондырғылар орнатылып, сұранысқа сәйкес өнім шығарылуда. Жеке кәсіпкер Б.Бөлебаев жалпы құны 5,0 млн. теңгені құрайтын «Күріш өнімдерін өңдейтін және ұн сақтау қоймасын кеңейту» жобасы бойынша аталған аймақтан қосымша 1800 шаршы метр жер учаскесін алып, қойма құрылысын салды. «Zhankent LTD» ЖШС (директоры Еркін Алданазаров) жалпы құны 15,0 млн. теңге құрайтын «Тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару» жобасына сәйкес цех құрылысын жүргізіп жатыр.
«АрМ-Ком» ЖШС директоры Мақсатбай Асанхан «АрМ-Ком» ЖШС негізінде балық, мал шаруашылығымен және тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысады. Серіктестік 2014 жылы пеноблок бұйымдарын шығару цехын іске қосты. Аудан бойынша қызмет көрсету саласын одан ары дамыту мақсатында өз қаражаты есебінен жыл аяғына дейін монша, балық сату дүкенін ашуды жоспарлап отыр. Жеке кәсіпкер Зағипа Қожағұл кәсіпкерлікті 2001 жылы бастаған. 2006 жылы «Алатау» мейрамханасын ашып, аудан халқына қызмет көрсетуде. Ол да жеке қаражаты есебінен 25 орынға арналған қоғамдық монша салуды жоспарлауда. Ғимараттың 1-қабатында ерлер және әйелдерге арналған монша, 2-қабатында шаштараз, маникюр, педикюр т.б. қызмет көрсету орындарын орналастырмақ ойда.
Жеке кәсіпкер Күлжамила Өтегенова болса, Әйтеке би кентіндегі орталық базарда орналасқан «Жанқожа» сауда орталығын ашып, халыққа керекті үй жиһаздарын сатумен айналысады. Сондай-ақ ол «Алтын орда» қонақ үй кешені мен спорттық сауықтыру фитнес орталығын іске қосты. Аталған орталықта 25 орынға арналған қонақ үй мен 25 түрлі спорттық жаттығу құрылғыларымен жабдықталған фитнес залы орналасқан.
«Сыр Маржаны» ЖШС (директоры Мінажадин Өтеев) 1999 жылдан бастап Ақтан батыр ауылында жұмыс жасауда. Серіктестік негізінен егін, мал шаруашылығымен айналысады. Ол мал шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы құны 335,0 млн. теңгені құрайтын «500 бас мал бордақылау алаңы» жобасын қолға алды. Жоба бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы қаржыландырылуда. Қазіргі таңда, 58,0 млн. теңгесі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті («ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 41,0 млн. теңге, өз қаржысы 17,0 млн. теңге құрайды).
Аталған жоба толық іске асқан жағдайда жылына 220 тоннадан астам ет өндірілмек. Қазіргі таңда 108,8 млн. теңгенің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына ұсынылды.
Жоба бойынша 500 бас ірі қараға арналған 6 қора, ветеринарлық пункт, мал сою пункті, шөп сақтау қорасын салу жоспарлануда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |