« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Салтанатты шара барысында ҚР
Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымовтың
мерекелік құттықтау хаты оқылды, деп хабарлады департаменттің баспасөз
қызметінен.
Жас мамандарға жол сілтеп, білікті тәжірибесімен
бөліскен Ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы М.
Пейсов министрдің бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полиция рота командирінің орынбасары полиция майоры Қ. Рахматуллаев және Қазалы ауданы ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі полиция майоры Б.Тұрман марапатталды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасына полиция подполковнигі Сәуле Шайменова, ал ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісіне Қызылорда қаласы ішкі істер басқармасының жедел-криминалистика бөлімінің аға криминалисті полиция капитаны Н.Күдебаев және полиция аға сержанты Е.Дуанбаев ие болды.
ҚР ІІМ-нің Грамотасымен Жаңақорған ауданы ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Ж.Жолдыбаев, ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция майоры Н.Мырзахмет және полиция майоры Ж.Әубәкіров марапатталса, 2 қызметкерге ҚР ІІМ-нің Алғысы жарияланды.
Өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ взводы саптық бөлінісінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Серімбетовке мерзімінен бұрын полиция капитаны шені берілді.
- Бұл мереке қарсаңындағы марапатталу маған елімнің, Отанымның алдында үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Елбасы қолдауының арқасында бүгінгі күні тәртіп сақшыларының қызметтік міндеттерін адал орындауларына барлық жағдай жасалған. Сол себепті, әрбір қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтауға бар күш-жігерін жұмсауы қажет, - деген ойын білдірді Н.Серімбетов.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің барлығы 122 қызметкері марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» тақырыбында баяндама жасады.
Шара соңында департамент қызметкерлерінің назарына Тұңғыш Президент
күніне орай арнайы түсірілген «Президенттің феномені» бейнеролигі
ұсынылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |