Ұлт көшбасшысының спортқа зор көңіл бөлуі қуантады

Ұлт көшбасшысының спортқа зор көңіл бөлуі қуантадыЕлбасымен кездесу бақытына ие болғаным үшін қуанамын, Мемлекет басшысымен кездесуден алған әсерім ерекше болды, деп өзінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесуден алған әсерімен спорт ардагері Юрий Ким аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевпен өткен кездесуде бөлісті.

«Ұлт Көшбасшысының қолдауын кез-келген саладан байқауға болады. Спортқа зор көңіл бөліп, әрдайым мемлекеттік маңызды мәселелердің қатарына қойып келеді. Қызылордадағы мұз айдыны, жабық теннис алаңы, жаңадан салынғалы жатқан 15 мың көрерменге арналған футбол стадионы, Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығы, бокс орталығы - осының барлығы Елбасының спортқа деген жанашырлығы деп білемін», - деді Ю.Ким.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қараша 2014 г. 670 0