« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы аудиториясы 7 көрме витринасынан тұрады. Бірінші витринада Мемлекет басшысының балалық, жасөспірім және жастық шағынан сыр шертеді. Бұл бөлім «Ұшқан ұя» деп аталады. «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын» атты екінші витринасы мемлекеттіліктің қалыптасуына арналып, Конституция мен мемлекеттік рәміздер тарихына мән берілген. Үшінші бөлім Тұңғыш Президент күнімен байланыстырылған және «1 желтоқсан - жалпыхалықтық сайлау күні» деп аталады. Төртінші витринада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстары көрсетілген. «Кез келген халықтың қуаты - халқында» тақырыбындағы витринада облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, білім беру, денсаулық сақтау салалары қамтылған. «Тұлға тағылымы» витринасы Тұңғыш Президент туралы жазылған еңбектермен толықтырылған. Аудиторияның 3 витринасы толықтай Астананың қалыптасуы, дамуы мен келешегі, халықаралық ынтымақтастықтағы рөліне арналған.
Оқу ордасының шәкірттері енді Елбасы туралы барлық мәліметті осы аудиториядан ала алады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |