Байқоңыр Елбасы Жолдауына қолдау білдірді

Байқоңыр Елбасы Жолдауына қолдау білдірді Бүгін «Қазғарыштың» Байқоңырдағы кеңсесінде қазақстандық құрылымдар басшылары, қалалық әкімшілік өкілдері, қала жұртшылығының Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобының (РАНТ) мүшелерімен кездесуі өтті.

«Байқоңыр» ғарыш кешеніне құрамында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев, ИДМ АҒК төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев, Қызылорда облысы бойынша жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Марат Бейімбетов кірген РАНТ келді.

«Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы - ғаламдық экономиканың дағдарысы жағдайында еліміздің табысты дамуын қамтамасыз ететін Қазақстанның жаңа ұлттық стратегиясы», - деді Т.Мұсабаев.

Өз сөзінде Қазғарыш басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі бейбітшілік, тұрақтылық және ұлтаралық келісімді дамытудағы рөлін, Қазақстанның жоғары халықаралық беделін, республика экономикасының табысты дамуы, Тұңғыш Президенттің ұлттық ғарыш саласын құрудағы үлесін ерекше атап өтті.

Кездесудің қатысушылары елдің бірінші стратегиялық құжатын талқылауға белсене атсалысты.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко ҚР Президентің Жолдауы - өз халқымен тілдесудің мысалы екенін атап өтті.

«Мемлекет Басшысы өз отандастарына елдегі проблемалар туралы ашық айтып, экономикалық дағдарысты шешудің нақты жолдарын ұсынып отыр, мысалы, бұл халыққа Ұлттық қордан әлеуметтік қолдау көрсету», - деді ол.

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа стратегиялық бағдарламасы туралы пікірлері мен ойлары жайында Қазғарыштың Байқоңырдағы кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлер, қазақстандық білім гранттары бойынша білім алып жүрген Мәскеу авиация институтының студенттері бөлісті.

Кездесудің барлық қатысушылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдап, Байқоңырдың алдағы уақытта да халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі болатынына сенімдерін білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2014 г. 840 0