ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Илья Ильин екеуінің қарым-қатынасы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды baq.kzсайты.
- Менің спортшылармен де, жаттықтырушылармен де, оның ішінде Ильямен де қарым қатынасым жақсы. Біз барлығымыз бір істің, Қазақстанның тілеуін тілеп жүрген адамдармыз. Бұл жерде кім, қайда, не үшін, не істеді деген маңызды емес. Маңыздысы біз жарыстарда бір команда ретінде жұмылған жұдырықтай болып бірігуіміз, бір байрақты көтеруге жасаған еңбегіміз. Ал жаттығу жағын алатын болсақ ол Лондонға дейін шығарылған шешім еді. Әркім өзінің қалауынша жаттығуыға құқылы деп ойлаймын. Көпшілік жиналған кезде түрлі пікірлердің болатыны анық. Алайда біз қашанда дұрыс шешімін табуға тырысып бағамыз. Біз бір елдің атынан шығып жатқандықтан еліміздің атын абыроймен алып шығуға тиіспіз, - деді бапкер.
Спортшы Илья Ильин оның сөзін толығымен құптап, бастысы бір командамен жасалып жатқан жұмыстың жемісті болып жатқандығы, ал жұмыс барысында қандай да келеңсіздіктер үйдің сыртынан шықпауы тиіс екендігін атап өтті.