22-23 қараша күндері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан 1998-1999 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында республикалық турнир басталған болатын. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыс 5 салмақ (46, 50, 55, 60, 66) дәрежесі бойынша өткізілді.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Айта кету керек, турнир салтанатты түрде кеше Жалағаш кенті мәдени сауықтыру кешенінде ашылды.