«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 24-қараша
күні Қызылорда облысында кей жерлерінде жауын-шашынды (жаңбырдың қарға
ұласуы), жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жылдамдығы 15-20,
екпіні 25 м/с. 25 қараша ауа
температурасы түнде және күндіз 10-15,
кей жерлерде 20-25 градус аязға дейін
төмендеуі күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда
облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына
қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.