Шахмат тақтасындағы тартыс

Шахмат тақтасындағы тартысҚостанай облысында шахматтан халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогыне арналған жасөспірім дарынды шахматшылар арасында республикалық турнир өтті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Астана қаласы мен еліміздің 11 облысынан 123 балғын шахматшылар қатысты.

Жарыс «Швейцар жүйесінде» 9 тур бойынша өткізілді. Турнир нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы 34,5 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Бірінші орында - Астана қаласы (38 ұпай), екінші орында - Қостанай облысы (37 ұпай).

Командалық жарыс алты тақта бойынша өткізілді. Команда құрамында Әсел Серікбай, Ақбота Әліпбай, Нұрғали Назерке, Самал Әбдуәли, Сұлтан Аманжол және Дінасыл Ғалымжанқызы шеберліктерін сынады.

Жекелей сында 13 жас қыздар арасында Самал Әбдуәли 9 ойыннан 8,5 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал 9 жасқа дейінгі ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 7 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.

«№1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарова дайындады», - деді сайыс туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2014 г. 735 0