Шиеліде жастарға жұмыс бар

Шиеліде жастарға жұмыс барҚызылорда облысы Шиелі ауданында «Жас маман - 2014» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Оған аудандағы көптеген үміткерлер қатысты, - деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Халықты жұмыспен қамту, елде жұмыссыздық деңгейін тө­мендету - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Осы орайда жер-жерлерде ауқымды іс-шаралар жүргізіліп, еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар да қабылданып келеді.

Сол бағдарламалар аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу де дәстүрге айналуда. Жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуы, расында, көпке пайдалы шаруаның бірі.

Аталмыш жәрмеңкеге Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиал өкілдері қатысты. Жәрмеңке онлайн режимде өтіп, облыстағы барлық аудандар тікелей эфирде байланысқа түсті. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы өкілі жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде айтып, «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламалары жөнінде жастарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының 1-ші бағытында кадр дайындау, жас­тар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты қызмет түрлері бар. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының қызметі, мақсаты мен бағыттары түсіндіріліп, жастармен сұрақ-жауап алмасты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2014 г. 1 319 0