
Қызылордалықтар әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильинді күтіп алған күні ыстық ықыласқа бөлеп, оның құрметіне  "Илья - чемпион!" деген ән арнады. Сол күні әсем әуен орталық алаңда шырқалды. Оның авторы - қызылордалық танымал сазгер Алтын Бекенова және ақын Махмутбай Әміреұлы. 
	"ИЛЬЯ - ЧЕМПИОН!"
	Жаралған жаның ерліктен,
	Қаһармандықтан, өрліктен.
	Жеңіске жеттің тағы да,
	Алаңдап көптен ел күткен.
	
	Қайырмасы:
	Илья - асыл ұланым,
	Самғаған биік қыраным.
	Көтердің елдің тағы да,
	Байрағын, әнін, ұранын!
	
	Қос дүркін алтын алдырдың,
	Қос дүркін тауды тауға ұрдың.
	Көтеріп жеңіс тұғырын,
	Қол жетпес көкте қалдырдың.
	
	Илья Ильин - тау тұлға,
	Қалдың сол таудай қалпыңда.
	Таңдантың тағы әлемді,
	Асырдың Сырдың даңқында.
	
	Шаттық та шалқып, тасуда,
	Ұланым Жеңіс басында.
	Мерейің өсіп, ұлы елім,
	Жарқыра жаңа ғасырда.
	
	Илья - золотой чемпион,
	Подарил много радости.
	Синий флаг гордо в небо взмья,
	Илья по правду победил!
	
	Илья Ильин - алыбым,
	Толағай болған тау ұлым.
	Жарқырап жанған жұлдызым,
	Жаһанға жайған жарығын.