Елбасы Ислам Әбішевке Арал теңізіне қатысты тапсырмалар берді

Елбасы Ислам Әбішевке Арал теңізіне қатысты тапсырмалар бердіАқордада Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасын қабылдады.

Ислам  Әбішев Президентті саланы дамытуға қатысты қолға алынған шаралар жөнінде хабардар етті. Айтуынша, Елбасының тікелей тапсырмасымен «Су ресурстарын басқару» жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданған. «Қазір құжат бойынша ел аумағындағы барлық су көздерін түгендеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді комитет төрағасы. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағыттағы жұмыстарды ширату қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ ел аумағындағы суармалы жерлерді қолданысқа енгізу қажеттігін айтып, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану бойынша кешенді іс-шараларды қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Елімізде жалпы су тапшылығы мәселесі бар. Жаңа бөгеттер құрылысын салу қажеттілігін анықтап, жерасты суларын пайдалану, жайылымдарды суландыру жөнінде зерттеулер жүргізу керек. Кейінгі кезде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау үшін көп қаражат жұмсалды. Мемлекеттен бөлінген қомақты қаражаттың арқасында Аралдың солтүстік бөлігі Арал қаласына жақындады. Осының бәрі жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң ықпалын тигізді. Балық аулауға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қызылорда облысының су ресурстарына деген зәрулігін өтеу үшін Көксарай су қоймасы салынды. Ол өңірді жылдағы су басу қаупінен құтқарды. Мақтаарал ауданындағы гидромелиорация жұмыстарына да едәуір қаражат жұмсалды.

 

Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы

-Елбасыға еліміздегі су шаруашылығының қордаланған мәселелері және келешектегі біздің қандай болжамдарымыз бар екендігі жөнінде баяндадым. Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. Ең маңызды тапсырма – суармалы жерлерді қалпына келтіру. Мал жайылымдарын суландыру мәселесін көтерді. Сондай-ақ Арал теңізіне қатысты үлкен тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар биыл Елбасының жарлығымен қабылданған «Су ресурстарын басқару» бағдарламасын толығымен, мерзімінде орындауды тапсырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2014 г. 874 0