1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында спорттық жарыс өтті,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Үстел теннисі, шахмат, волейбол сынды спорт түрлерінен өткен жарыста Шымкент, Кентау, Тараз және Қызылорда қалаларындағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының ата-аналарынан құралған командалар күш сынады. Мерекелік жарысқа ата-аналар белсенді қатысты. Спортшылар шеберліктерін үстел теннисі тақтасының үстінде сарапқа салып, жанкүйерлерді әдемі ойын өрнектерімен қуантты.
Жарыс қорытындысында әйелдер арасында үстел теннисінен Гүлнар Талапбаева - І орын, шахматтан І - орынды Гауһар Достановалар жеңіп алды. Жеңімпаз атанған ата-аналар дипломмен марапатталды.