
Құқық бұзушы Е. арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орын  «Бибінұр» базары алдында азаматша А.-ға қарсы былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған үшін, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған, деп хабарлайды 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі. 
	
 
Сот отырысында құқық бұзушы әрекетін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдірді. 
	
	Сот, іс-құжаттарын зерттеп, құқық бұзушының түсінігін, прокурордың әкімшілік айыппұл салу туралы пікірін тыңдап, Ж.-ның әрекетінің сипаты мен дәрежесін саралап, оған әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолдануға  жатады деп есептеп, ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, 9260 теңге айыппұл салды.