
Саламатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық  дайындықтарын шыңдау, 
оқушылардың күзгі  демалысын тиімді пайдалану және үздік командаларды 
анықтау мақсатында Қызылорда қаласында  спорттың 5 түрінен мектеп 
оқушыларының облыстық күзгі  спартакиадасы  өткен болатын. 
	Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес спорт түрлерінен Қазалы 
аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Жанарыстанның жетекшілігімен  мектеп
 оқушылары футболдан  ер балалар командасы мен қыз балалар командасы  І 
орын, үстел теннисінен  І орын,  волейболдан  ер балалар командасы  ІІ 
орын  және баскетболдан ер  балалар ІІІ орын иемденді.
	Облыстық күзгі спартакиаданың  қорытындысымен  Қазалы ауданының  
командасы жалпы командалық есепте  І орынға шығып, аудан намысын көкке 
көтерді.