Жаңа мешіт ашылды

Жаңа мешіт ашылдыБүгінгі таңда Қазалы ауданында 22 мешіт тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеу жолында жұмыс жасап келеді. Олардың бәрі жүрегі ізгілікке толы жандардың аманатымен, бастамасымен салынғаны анық. Күні кеше Үрмәш Түктібаев ауылында ел ағалары үлкен сауапты іс жасап отыр. «Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, «ОрынбетИшан» атындағы мешіт имандылықтың ізгі жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын» - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Халықты имандылыққа ұйытатын, елдің береке-бірлігін баянды ететін «Орынбет Ишан» мешітін салуға ат салысқан азаматтарға Қызылорда облысының «Сырдария-Ақмешіт» және Қазалы ауданының «Жанқожа батыр» мешіттерінің Имамдарының алғыс хаттарымен марапатталды. Одан әрі Орынбет Ишан бабамыздың рухына құран хатым жасалып, келген қонақтарға садақа ас берілді.
 Орынбет/Үрмқхаммед/ Ишан оқымысты, әулие, ғұлама, қазақтың хас батыры Жанқожа бабаның пірі Дәрменқұл/Дүрмұхаммед/ Ишанның шаңырағында 1821 жылы дүниеге келген. Арғы аталары Әбу Бәкір Әс-Сиддиқ, Баба түкті шашты Әзиз /Жалаладин/, Мүсірәлі /Мусафир-Али/ Қожа Софы Әзиз бабалардың ұрпағы. Бұхара қаласында атақты Мір Араб медресесін 15 жыл оқып, Ғұлама ұстаздардың шешімімен Ишан атағы берілген. Бұхара хандығында 3 жыл діни қазы болып қызмет жасаған. 1857 жылы Кішкененің Асанның сұратуымен Асанның Матығұл ұрпағының ортасына келген. Матығұлдың діни рухани пірі болған. Матығұлдың Тоғыс ағайындары ортасында үш жерден мешіт ашып, көптеген шәкірттер тірбиелеген. Өмірінің соңына дейін Ислам жолын насихаттаған. Қабірі Ү. Түктібаев ауылы «Тесік» деген жерде, өзі салдырған мешіттің жанында «Қожалар қорғаны» қорымында жерленген.
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қараша 2014 г. 1 255 0