| « Сәуір 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | |||
Қоссайыста қазақстандық атлет 432 ұпай жинап (190+142) алтын медальді былтырғы әлем чемпионы - өзбекстандық фаворит Руслан Нуриддиновтан (193+139) жұлып алып кетті десек артық болмас. Ильяның салмағы Нуриддиновтан аз болып шықты.
Үшінші орынды ресейлік спортшы Давид Бенджанян 427 ұпаймен (187+240) иеленді. Айта кету керек, бүгін 105 келі санатында ерлер арасындағы додада 4 рет әлем рекорды жаңарды.
Серпе көтеруде Нуриддинов Бенджанянның орнатқан рекордын 239 келіге жаңартса, іле-шала Бенджанян 240 келіні еңсеріп, ол рекордты қайта бұзды.
Әлем чемпиондарының қойған рекордын алаңға келесі шыққан Илья Ильин тас-талқан етіп, серпе көтеруде 242 келіні аспанға атты.
Сондай-ақ, Арменияның атынан шығып жатқан 17 жасар спортшы Симон Мартиросян болса жұлқа көтеруден 183 келіні көтеріп, жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты.
| « Сәуір 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | |||