Мемлекеттік бағдарламалар нәтижесін берді

Қызылорда. «Қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі жүзеге асуда» деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, жыл басынан бері Қызылөзек ауылдық округінде «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалына тиісті құжаттарын тапсырған 2 кәсіпкер несиеге қол жеткізіп, өз тірлігін бастап кетті. Атап айтқанда, Қараөзек ауылынан "Садықов" шаруа қожалығы – 2,5, Айнакөл ауылынан «Шәкір» шаруа қожалығы 6 млн. теңге несие алып, ірі қара малдарын өсіруде. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары "Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша да белсенді жұмыс жасауда. Мәселен, бұл бағыт бойынша Қызылөзекте бүгінде 3 кәсіпкер 5,8 млн.теңге несие алып, шаруашылығын өркендетіп келеді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2013 г. 904 0