Қызылордалық кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аула клубын ашып берді

Қызылордалық кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аула клубын ашып бердіЖалағаш ауданының орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған аула клубының ашылуы болып өтті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аула клубы негізінен аудан көлеміндегі шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан демеушілікпен жабдықталып, аудан әкімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тікелей қолдауымен ашылып отыр.

Айта кетейік, биыл мүгедектерді тасымалдауды ұйымдастыру қызметіне республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 1888,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күні ҚР мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес өткізілген конкурс қортындысымен жеңімпаз болған «Жалағаш аудандық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің қызмет көрсетуге ыңғайластырып жабдықталған «Газель» автокөлігі мүмкіндігі шектеулі 15 азаматқа қызмет көрсетіп отыр.

Инватакси тірек-қимыл аппаратында ақауы бар, арбамен, балдақпен жүретін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бірінші кезекте жұмыс орны мен оқу орындарына, денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік сала ұйымдарына баруда қызмет көрсетеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2014 г. 816 0