Ауыл жолдары жөндеуден өтті

Қазалы. Аранды ауылдық округі Қожабақы ауылында автокөлік жолдары жаңаланды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ауылдағы М.Еселбаева, Ж.Бекетаев, Т.Емешұлы көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халықтың пайдалануына берілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жол жөндеу жұмыстарын «Қазалы Жолшы» ЖШС-гі жүргізді. Олар жұмыссыз жүрген 12 ауыл тұрғыны уақытша жұмыспен қамтыды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2013 г. 1 164 0