Бұл туралы кеше
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Әлеуметтік
қорғау саласында жыл ішінде экономиканың әртүрлі секторларында 9500 жаңа жұмыс
орындарын ашу жоспарланған болса, 9 айда 8157 жаңа жұмыс орны ашылды.
Нәтижесінде
жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыздық деңгейде тұрақтанып, 2013 жылдың осы
кезеңіне қарағанда 0,2 пайызға азайды.
Атқарылған
жұмыстар өз кезегінде мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар және басқа да
міндетті төлемдер түсімінің артуына ықпал етті.