Германия мемлекетіндегі Штарльзунд қаласында қазақстандық жасөспірімдер қатысқан қыздар арасындағы «Queens cup boxing» халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Бірден 14 қазақстандық қыздардың он екісі жүлделі орындардан көрінді. Олар бес алтын, екі күміс және бес қола жүлделерді еншіледі. Жеңімпаздардың арасында жерлесіміз Аида Оңдаш та бар. Ол халықаралық турнирден І орынды жеңіп келді.
Аида Оңдаш – ҚР төрт мәрте чемпионы, Азия және әлем чемпионтаның күміс жүлдегері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадалық ойындарда бокстан қола жүлдегері Мария Вольнованың ізбасары деп айтуға болады.
Бокстан спорт шеберіне кандидат А.Оңдаш Қазалы ауданының Бозкөл ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қазалы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттығып келеді.
Бақытбек Құлбаевтың тәлімгері германдық рингте 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күшін сынап, жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін Аида бірнеше мәрте 2013 жылы Қазақстан Республикасының чемпионаты, 2014 жылы Қарағанды қаласында қыздар арасында «мықтылар» атты турнирдің жеңімпазы, 2014 жылы Тараз қаласында өткен бүкіл Қазақстандық оқушылар спартакиадасының І-орын жүлдегері атанған.